Әдеттегідей аудан әкімінің шыршасы «Апорт» моллында өтті. Көңіліңді көтеріп тастайтын алып сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатындағы әсем шыршаның айналасына жартылай жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 159 бүлдіршін жиналды. Ерекше киім үлгісімен жасанған, қиялдары бір сиқыр болуды сезетіндей балалардың жүздерінде бұл күнді асыға күткендері көрініп-ақ тұр.
Ал, аудан басшысы Жандарбек Далабаев жиналғандар мен мектеп оқушыларына ізгі лебізін жеткізіп, облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан мерекемен шын жүректен құттықтады. Кеш иелеріне қыстық киім мен тәттіге толы мерекелік сый-сияпатын да табыс етті.
Мерекелік кештің аясында балалар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған ертегі әлімінен келген «Бремен музыканттары» атты сахналық көріністі тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ, шара барысында бүлдіршіндер Доңыз жылымен қоштасып, Тышқан жылын қарсы алып, ортаға қосылған Аяз ата мен Ақша қарға тақпақтарын айтып берді.
Кеш соңында балалар мерекелік көңіл-күймен орталықта тамақтанып, «Funky town» ойын-сауық алыңында көңіл көтерді. Осылайша бүлдіршіндер Жаңа жылды ерекше жағдайда қарсы алып, жиыннан марқайып қайтты.
Бұрым ОРЫНБАСАР.