Жақында Береке ауылындағы Мәдениет үйінде 12-17 жас аралығындағы 25 оқушының қатысуымен тегін қаржылық сауаттылық сабағы өтті. Бұл шараны «OBRAIN» балаларды дамыту орталығы мен Береке ауылдық мәдениет үйі бірлесе ұйымдастырды. Ал сабақты спикер ретінде «OBRAIN» орталығының директоры, қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша тәжірибелі маман Жанар Тургунбаева жүргізді.
Форум барысында оқушылар ақшаның мәні мен айналымын түсініп, жеке бюджет құру мен жоспарлауды, қалта ақшаны тиімді басқарудың жолдарын үйренді. Одан бөлек жинақтау мен үнемдеу дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданды.
Сабақ ойын форматында өткендіктен, қызыққа толы болды. Оқушылар білім көкжиегін кеңейтіп, қызықты тапсырмалар арқылы қаржылық білімін жетілдірді. Сондай-ақ әрбірі белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, жаңа дағдыларға ие болды.
Жылылық пен білімге толы бұл кездесу балалардың болашағын жарқын етеді деген сенімдеміз.
Әділет ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
