Алматы облысы Балқаш ауданында жол жөндеу жқмыстары қарқын ала бастады. Аймақта Кеңес Үкіметінің тұсында салынған жолдар ауыл азаматтарының құтын қашырған еді. Жергілікті биліктің базынасы облыстық әкімдікке жетіп, бюджетен 1 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Қазір жол жөндеушілер ауданға қарасты тозығы жеткен жолдарды жөндеп жатыр.
– Береке ауылының 17 шақырымын орташа жөндеуге 670 млн теңге бөлінді. Бұл жерде 36 жылға жуық уақыт ешқандай жол жасалмаған. Барлық қажетті материалдар дер кезінде жеткізілуде. Соған сәйкес жұмысшыларда жөндеуді кестеге сай, уақытында орындап жатыр. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Биыл Балқаш ауданы бойынша Топар, Ақжар, Құйған, Қарой ауылдарына асфальт төсейтін боламыз, – деді «Балқаш жолдары» ЖШС-нің директоры Асқар Ибраев.
Жолдың салынуын сапа орталығы мен техникалық бақылаушылар күнделікті қадағалауда. Жүк көліктерінің жүруінен әсіренен ойылған жерлерге топырақтар төгіліп, бетіне асфальтттер төселуде. Айта кетейік, жол жөндеп жатқан мердігер мекеме аймаққа қарасты Көкжейде, Бірлік ауылдарынының жолдарын қалпына келтірген. Ал, мердігер мекеме Балқаш ауданындағы өзге де елдімекендердің автомобиль жолдарын ретке келтіруді ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бұрым ОРЫНБАСАР.
Балқаш ауданы.