2025 жылғы 15 мамыр күні Балқаш ауданы, Бақанас ауылында Қазақстан Халық қаһарманы, Ресей Батыры Бақтыораз Бейсекбаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – ержүрек батырдың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезімді нығайту, сондай-ақ тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру.
Конференцияға облыстық және аудандық деңгейдегі ресми өкілдер, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, тарихшылар, ұстаздар мен студенттер қатысты. Жиын барысында Бақтыораз Бейсекбаевтың өмір жолы мен ерліктері кеңінен баяндалып, оның Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығы туралы тың мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, жас буынға арналған тәрбие-тағылымдық баяндамалар жасалып, патриоттық әндер орындалды.