Өткен аптада Жастар ресурстық орталығының белсенділері, аудандық Полиция басқармасының Пробация қызметінің есебінде тұрған жастарымен бірлесе отырып, «Менің таза қалам» атты сенбілік жұмыстарын өткізді.
Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазартуға, сондай-ақ, аталмыш органда есепте тұрған жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға бағытталған шараға 20-ға жуық жас қатысты. Олар ертемен қолдарына күрек, қап алып Қаскелең өзенінің жағалауын тазалады. Жастардың бірлесе білектерін сыбана кіріскен игілікті істерінің арқасында бірнеше сағат ішінде өзеннің бірқатар аумағы тазарып, көркейе түсті.
Айта кетейік, қарасайлық жастар мұндай игі істерді өткізуді дәстүрге айналдырған. Мұндай жұмыс жылдың соңына дейін жалғасады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.