Қазақтанның ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні! Бұл ұлық мереке халқымыздың қаншама жылдан бері арманы, аңсары болды. Осы егемендікке қол жеткізу жолында қаншама қазағымның батыл әрі намысшыл ұл қыздары өз өмірлерін құрбан етті. Солардың арқаларында біз бүгін қанатымызды кеңге жайып, бейбіт күннің астында өмір сүріп жатырмыз. Еліміз дамып, əлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Әлеумет, экономика, мәдениет, өнер секілді түрлі сала бойынша жемісті жетістіктерге жетіп, бұрмаланып кеткен дініміз де, тіліміз де жыл сайын нығайып, тамырын бекіте түсті. Мұның бәрі халықтың көз алдында жүзеге асып келеді. Бұл ата-бабамыздың батырлығы арқасында қол жеткен тәуелсіздігіміздің жемісі деп ойлаймын. Сондықтан осы азаттығымызды көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.
Өткеннің тағылымынан сабақ алып, кешегі батырлардың бізге мирас еткен тәуелсіздігін сақтап қалып, кемел болашаққа ұмтылуымыз керек. Себебі тәуелсіздігіміз өздігінен нығая түспейді. Бұған Қазақстанның әрбір азаматы жауапты. Сондықтан өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылып, қоғам игілігі үшін өз ісімізде, өз саламызда адал әрі қажырлы еңбек етуіміз қажет. Әрқашан әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда екенін ұмытпайық.
Жанат Исағұлов,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.