Өткен жылдың аяғында белгілі журналист, жерлесіміз Қанат Тәкебаев «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағына ие болып, кеудесіне оның төсбелгісі тағылды.
Осы саладағы алғашқы еңбек жолы Нарынқол (қазіргі Райымбек) аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінде басталған Қанат Тұрсынұлы онан кейін республикалық «Парасат» журналында, Қазақ радиосында, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің баспасөз секторында, сонымен қатар, біздің Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінде жемісті қызмет істеген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Райымбек ауданының Құрметті азаматы.
Аталған төсбелгі мен оның куәлігін Қанат Тәкебаевқа республикалық Қоғамдық марапаттар жөніндегі ұйымның төрағасы, көрнекті көсемсөзші, журналист-жазушы Марат Тоқашбаев салтанатты түрде тапсырғанын да айта кеткеніміз жөн.
Құттықтаймыз!
Берік БАЙ.