Соңғы 32 жылда еліміз саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткізіп, бүгінде әлем танитын тәуелсіз мемлекетке айналды. Осы уақыттын ішінде еліміздің сыртқы саясаты ғана емес сондй-ақ ішкі саясатында көптеген жақсы өзгерістер орын алды. Әсіресе ана тіліміздің қолданыс аясы айтарлықтай кеңейді. Дегенмен еліміздегі кез келген аудиторияда қазақ тілінде сөйлеуді сәнді әрі беделді ету үшін әлі де көптеген жұмыстар атқару керек.
«Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» демекші, өркениет көшінде тұтас бір ғасырдан аса уақыт теперіш көрген қазақ тілінің бойына дендеп енген дертті сол ғасырдың үштен біріне жетпейтін уақытта тұғырына жөндеп қондыра алмай жатқанымызға себептер жетерлік. Оның бастыларының бірі тәуелсіздік алмай тұрып қазақ халқының барлығы дерлік орысша сөйлеуінде. Шынын айту керек ол тұста тіл, әдебиет, тарих, секілді гуманитарлық салалардан басқаларында орыс тілі үстем еді. Оқылатын сабақтар, дәрістер, пайдаланатын кітаптар да орыс тілінде еді. Тіпті, егемендік алғаннан кейін де біраз жылдар білім саласында онды өзгерістер болмады. Бұнын барлығы бүгінде өскелең ұрпақтың таза қазақ тілінде емес арасында орыс сөздерін қосып сөйлеуіне әкелді.
Иә, әрине, уақыт өте келе қолданыстағы кітаптар қазақ тіліне аударылды. Алайда олардың көбі құрғақ тілде, тік мағынада аударылғандықтан адамдардың көбі әліде орысша кітаптарға басымдылық беруде. Тіпті, мемлекеттік тілдің бесігі саналатын мектептерден бастап тіл мәселесі ақсап тұр десек болады. Мектептегі бастауыш сыныптарға арналған тіл, әдебиет үйрететін оқулықтарды жасауға методист мұғалімдер қатыспағасын балалардың тілді игеруі қиынға соғып жатыр. Бұл жердегі шешім бір ғана қазақ тіліне аударуды сапалы қылу керек.
Тағы бір себеп ол біздің елімізде әлі күнге дейін ресми құжаттардың екі тілде жазылуы. Талаптың қатаң болмағандығынан тіпті мемлекеттік шенеуніктер де сұраққа жауаптарын, пікірлерін қазақ тілінде жеткізбейді, тырыспайды да. Көбі бұл ештенкеге әсер етпейді дегенмен жоғары лауазымдағы адамдар, жыиндар мен мерекелік шараларды жүргізушілер орыс тілінде сөйлеген кезде көпке еліктегіш жастардың ойында қазақ тілде сөйлеу керек деген ой туындамайды. Сондықтан егер ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейткіміз келсе, оны әуелі ісқағаздардан бастау керек.
Бұдан бөлек бүгінде адамдардың қолданатын қосымшалардың, сайттардың барлығы дерлік орысша жасалғандығы да себеп болып отыр. Онда қазақ тілін таңдасан тағы да жоғары да айтып өткеніміздей жазылған ақпараттың 50 пайызы түсініксіз. Осыны да қолға алып, халық түсетін қарапайым тілде жасалған қосымшаларды көбейту керек. Бұған қоса ғаламторларда оқушыларға, студенттерге қажет ақпараттар қазақ тілінде өте аз. Амалдың жоғынан студенттерге керек нәрселерін орысша тауып, оны қазақша аударып жазуларына туралы келеді. Шынын айту керек бүгінде теледидарлардан, әлеуметтік желілірерден берілетін ақпараттың өзі көбінде қазақ тілінде түсінікті тілде жазылмайды. Сондықтан болар адамадар оданда орысша пабликтерге кіріп, қысқа да нұсқа түсінікті ақпарат алуды жөн көреді.
Осыдан шығатын қорытынды қазақ тілін дамыту үшін алдымен материалдардың дұрыс аударылуына, жарыққа шығарылатын барлық басылымдар мен құжаттардың тілдік, стильдік сапасын аса мән беру керек.
Екіншіден адамдарды жұмысқа аларда, әсіресе халықпен тығыз жұмыс істейтін қызметкерді тағайындау кезінде оның кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетіндігіне басымдық беру керек.
Үшіншіден жастарды қазақ тілінде сөйлеуге баулу үшін түсінікті әрі қызықты қазақша контенттер, кинолар, телшоулар шығару керек.
Мұнан бөлек қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберетін адамдарға түсіністікпен қарап, олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдау көрсете білу керек.
Әрине, мұнын барлығын бір мезетте орындау мүмкін емес алайда ақырындап кезең-кезеңмен осы өзгерістерді енгізсек уақыт өте келе ол өз жемісін беретін болады.
Жастардың ойы
Бүгінде біздің қазақ тіліміз жақсы дамып келеді. Жастар арасында қазақша сөйлейтін, кітап оқитындар жетерлік. Егерде тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейткіміз келесе онда қазаша конттентті көбейтуіміз қажет.
Нақтырақ айтқанда, теледидардан болсын әлеуметтік желілерден болсын бүгінгі жастардың қызығушылығын оята алатындай қарапайым тілде, күлкінішті жасалған контентке басымдылықтар беру керек.
Санжар Узханов,
Сүлейман Демирель атындағы университеттінің журналистика мамандығының 3-ші курс студенті.
Талапты қатаңдату керек. Иә біздің еліміз көп ұлт тұратын берекелі мекен. Бізде ешқай ұлтқа қысым көрсетіліп, қатаң талаптар қойылмайды. Тіпті, өзіміздің қазақтарымызға да нақты қазақ тілінде сөйлеу, жазу керек деген талап жоқ. Сондықтан болар халықтың арасында қазақ тілін үйренуге деген талпыныс та жоқ. Осы ретте тілге байланысты заңды қатаңдатып, құжаттарды, ақпаратты, әртүрлі қосымшаларды қазақ тіліде жасау керек.
Бұл әрине радикалды әдіс шығар алайда талап бар жерде ынтада пайда болады деп ойлаймын.
Рамазан Бөкенов,
«Naqty.kz» желілік басылымның операторы.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ