Президент Тоқаевтың «Астана» форумындағы сөзі Қазақстанның халықаралық диалогтың конструктивті орталығы ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қауіпсіздік архитектурасы күйреп, жаңа жүйелер қалыптаспаған шақта дәл осындай алаңдар – диалог орны, пікір алмасудың ашық алаңы ретінде ерекше маңызды.
Мемлекет басшысы нақты жеткізді: Қазақстан үшін әлемдік шешімдерге қатысу – амбиция емес, бұл – жауапкершілік. Біз өзімізге тыңдауды және өзгені тыңдатуды ұсынамыз. Бұл – ХХІ ғасыр дипломатиясының жаңа үлгісі.
Сондықтан Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен саясаткерлер, сарапшылар, бизнес көшбасшылар жиналады. Президент Тоқаевтың: «Біз бейбітшілік пен өзара құрмет жолын таңдауға тиіспіз» деген сөзі осы сенімнің дәлелі.
Қанат ТӘКЕБАЕВ,
Алматы облысының Құрметті азаматы, ардагер-журналист.