Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық акт. Соңғы онжылдықтарда байқалып отырған заңнамалық массивтің кеңеюі және мемлекеттік қызметтің күрделенуі, тұтастай алғанда,мемлекетішілік қайшылықтар санының өсуі,оның ішінде мемлекеттің, оның органдарының құқықтық актілерімен Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзумен байланысты тетіктердің пайда болу мүмкіндіктерін арттырады.
Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет ретіндегі сипаттамасы- Конституциялық шектеу тетігін, халық билігі мен билікті бөлу қағидаттары негізінде мемлекеттік тетіктің жұмыс істеуін, сондай-ақ аталған қайшылықтарды алдын алуға және шешуге бағытталған институттарды мемлекеттік-құқықтық жүйеге енгізуді қамтиды.
Конституция мемлекетте қалыптасып келе жатқан заң шығару жүйесінің өзегі бола отырып, құқықтық реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін демократиялық құндылықтар мен конституциялық принциптерді қорғау тетіктерін қамтиды. Осындай тетіктердің бірі конституциялық әділет органдарының мемлекеттің Негізгі Заңын және конституциялық маңызы бар актілерді сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттегі конституциялық заңдылық режимін қамтамасыз етуде Конституцияның құқықтық қорғалуы ерекше рөл атқарады. Конституцияны тиімді құқықтық қорғау-кез келген демократиялық мемлекеттің маңызды атрибуты [1,б.3]. Мемлекет Конституциясын құқықтық қорғау жүйесінің табысты жұмыс істеуі,оны дәл және дәйекті түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі болып табылатын негізгі құқықтық және саяси маңыздылығын сипаттайды. Онсыз, әлемдік тәжірибе көрсеткендей-құқықтық мемлекет құру,іс жүзінде демократиялық принциптерді нақты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Конституцияны құқықтық сақтау және қорға, ең алдымен, белгілі бір субъектілердің өздеріне тән әдістерді және бағыттарды қолдана отырып бақылау және конституциялық нормалардың үстемдігін және тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Заңды құралдардың көмегімен жүзеге асырылуы- құқықтық қызметінің бір түрі болып табылады.
Конституциялық іс жүргізу шеңберінде сот және соттан тыс нысандағы уәкілетті органдар бақылаудағы салаларда тексеруді жүзеге асыратын,заң қызметінің нысаны ретінде айқындалуға тиіс Конституциялық нұсқамалардың іс жүзінде орындалуы, мемлекеттің негізгі заңының талаптарының сақталуы туралы және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көрсететін Конституцияны сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жол берілген бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
Конституцияны және конституциялық маңызы бар актілерді құқықтық қорғау жөніндегі қызметті жетілдірудің мынадай негізгі бағыттарын тұжырымдауға болады:
— субъектілердің Конституцияға қатысты құқық қолдану процесінің,оның әрбір сатысында конституциялық нормаларды қолдануды заңда белгіленген рәсімдерін міндетті түрде сақтай отырып,қол жеткізуі;
— конституциялық құқық нормаларын біркелкі түсінуде және қолдануда шешуші рөл атқаратын Конституцияны қолдану жөніндегі практиканы одан әрі жан-жақты жетілдіру;
— соттардың Конституцияны қолдану тәжірибесін зерделеу және жалпылау.
Конституциялық бақылау және сақтау институты Қазақстанда жиһандық өзгерістерге жауап ретінде кезең-кезеңмен дамып келеді.Қазақстандық үлгі конституциялық сақтау функциясын орындау мемлекеттік билік тармақтарының біртұтастығы мен өзара келісілген іс-қимылын қамтамасыз етуге,конституциялық заңдылықты нығайтуға,адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал ететінін растайды.
Дина Муратбекова
Қарасай аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы