– Бұрын осындай істер жай сөзбен айтылып, құр уәде болып қалатын еді. Қазір шын мәнінде ел ішінде көзге көрінетін өзгеріс бар. Мысалы, Қарағанды облысында 7 ауданда бірден 51 медициналық нысан салынбақ екен. Бұл — жай сандар емес, бұл – нақты ауылдағы адамның өмірін жеңілдететін игілік.
Қала мен ауылдың арасында үлкен айырмашылық болмауы керек. Ауылдағы бала да, қарт та сапалы ем алуға, спортпен шұғылданып, білім алуға лайық. Міне, қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Жасалып жатқанның бәрі – халықтың көз алдында.
Бұрынғы заңсыз иемденген дүниенің халық игілігіне қайта жұмсалуы – бұл әділдік. Мұндай бастаманың жалғасы болса, елдің де, халықтың да көңілі орнына түседі. Осындай игі істер жалғасын тапсын!
Тұяқбаев Мұратқали,
Тұрар ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы.