Еліміз бойынша өтіп жатқан ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихатар сайлауына түсіп, № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып отырған Абылай Зуайда Жандосов ауылдық округіндегі № 471 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Айта кетейік, жалпы ауданымыз бойынша сайлауға түсіп отырған 33 үміткер бар. Депутаттар сайлауына бірінші рет түсіп жатқан Абылай Жұмабекұлы солардың ішіндегі ең жас үміткер. Бүгінде ол ауданымыздағы жұмыспен қамту орталығының басшысы қызметтің атқарып отыр.
– Бүгін мен сайлауда үміткер ретінде алғаш рет дауысымды беріп отырмын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы да қарасайлықтардың қолдауына ие болып, депутат болсам еліміздің, біздің қасиетті Қарасайымыздың өркендеу жолына өз үлесімді қосып, халықтың маған артқан сенімдерін, үмітін ақтауға бар күшімді салатын боламын, – дейді жас үміткер.