Алматы облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы жүзеге асырылуда. Аталған шара Қарасай ауданының тұрғындары үшін Мәдениетін үйінде өткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республика көлеміндегі ұйымдастырылып жатқан акцияның мақсаты – халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, заңдарды кеңінен түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті толық нығайту әрі қалыптастыру болып табылады.
Акция барысында заң органдарының қызметкерлері мен әр салаға жауапты бөлімдердің мамандары түрғындардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсетті. Атап айтқанда, прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері тұрғындардың мәселері бойынша қабылдау өткізді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.