Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезектілік тәртібімен жазылған азаматтардың өтінішін тыңдады. Аудан басшысымен кездескен тұрғындар түрлі мәселені көтерді. Олардың қатарында тұрғын үй алу, жер телімдерін бөлу, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, қоқыс шығару, спорт зал ашу, мектеп салу және өзге де инфрақұрылымдық мәселелер бар. Сондай-ақ, тұрғындар кейбір құжаттық қиындықтар мен әлеуметтік жағдайларға байланысты сұрақтарын қойды.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселелер бойынша нақты жауаптар берілсе, қалғандары тиісті сала мамандарына қарастыруға жолданды.
«AMANAT» партиясының Қарасай аудандық филиалына түскен барлық өтініштер назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбір сұрақтың мән-жайын зерттеп, заң талаптарына сай шешу жолдарын қарастырады.