Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев мұғалімдер күні қарсаңында бірқатар мереке иелеріне өз атынан Құрмет грамотасын табыстады.
Еліміз бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайдың әлі тұрақталмауына байланысты аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында бірқатар қарасайлық мұғалімдерді ғана құттықтап, барлық ұстаздардың ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып жатқан еңбегі зор екенін атап айтты.
Сонымен қатар, қазіргі пандемия кезінде оларға артылған жауапкер-шіліктің одан ары арта түскенін айтып, ауданның білім саласы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ауданның ұстаздар қауымына өз атынан айрықша алғысын білдірді.
Расымен де, сын сағатта мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі сыналатынан ескерген аудан әкімі мұның бәрі уақытша екенін түсіндіріп, бұл кезеңді де береке-бірлікпен еңсеріп шығатынын айтты.
Өз тілшіміз.