Бұл кеңес отырысы, жалпы ел үшін аса маңызға ие ортақ Ата заңымызға өзгерістер енгізу өте маңызды әрі уақтылы қадам деп ойлаймын. «Жалпыхалықтық референдум» деген атаудың өзі шешім қабылдауда бүкіл халықтың тікелей қатысатынын айқынырақ көрсетеді. Яғни мемлекеттегі ең маңызды мәселелерді халықтың өзі дауыс беру арқылы шешуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар билікті референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады деген норманың нақты тұжырымдалуы азаматтардың рөлін күшейтеді. Бұл жастарға да жауапкершілік жүктейді — қоғам өміріне белсенді араласып, өз таңдауын саналы түрде жасау керектігін көрсетеді. Мұндай өзгерістер демократиялық мәдениетті нығайтып, азаматтық сананы дамытуға әсер етеді деп есептеймін.
Бекжан Сүнбеков,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
