Бүгінгі Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата заң мәселесін қарау жөніндегі ұсыныс – ел дамуы үшін маңызды әрі өзекті қадам деп білемін. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер қолданыстағы Конституцияның кейбір нормаларын қайта қарауды талап етуі мүмкін. Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, мұндай бастама халықтың пікірін ескеріп, ашық әрі жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асқан жағдайда ғана өз нәтижесін береді.
Ақлима Көсемова,
ардагер-ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
