Осыдан 33 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап бүкіл әлем баға жетпес мәдени мұрасы, бай дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы кең және болашағы жарқын жас республика туралы білді.
Отыз жылдан астам уақыт ішінде еліміз өз дамуында бұрын-соңды болмаған биіктерге жетіп, тұрақты экономикалық жүйе құрылып, әлеуметтік сала ұдайы дамып, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз елге айналды.
Әсіресе еліміздегі өзге салалар сияқты ғылым да жақсы қарқынмен даму үстінде. Оған дәлел ретінде бүгінде өзім басқарып отырған биотехнология саласында қызмет етіп жатқан «Антиген» ЖШС айтуға болады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқасында өндірісіміз мал ауруларын анықтаудың және емдеудің заманауи әдістерін қолданысқа енгізу, отандық ветеринариялық препараттарды әзірлеумен еркін айналысып келеді. Мұның бәрі егемендігіміздің арқасы деп білемін.
Осы ретте қазақ халқын бүгін аталып жатқан еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған республика күнімен құттықтағым келеді. Сондай-ақ баршамызды елімізді қадірлеп, сүюге, қоғамдық-саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік-экономикалық дамуға және оның одан әрі гүлденуіне үлес қосуға шақырамын. Осындай маңызы зор тарихи думанда, еліміздің туы асқақтап келешегі өркейе берсін.
Мереке құтты болсын!
Нұрлан Ахметсадықов,
«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС бас директоры, Қарасай аудандық мәслихат депутаты.