Жақында Қаскелең қаласында экологияны жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі өтті. Isker Company басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясы қала тұрғындары мен кәсіпорын ұжымын бір мақсатқа біріктірді.
Аталған шараға компания қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар зауыт маңында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары да белсенді қатысты. Бас директор Әбен Әлібек Болатұлының жетекшілігімен өткен акция барысында зауыт аумағында және оның сыртында 250-ден астам ағаш отырғызылды.
Isker Company — 2005 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Қаскелең қаласының ірі кәсіпорындарының бірі. Компания тротуар плиткаларын, брусчатка және бордюрлер өндірумен айналысады. Осы уақыт ішінде кәсіпорын өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Алайда компанияның қызметі тек өндіріс саласымен шектелмейді. Isker Company қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында да белсенді жұмыс атқаруда. Ұйымдастырылған экологиялық акция — соның айқын дәлелі.
Мұндай бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жасыл желекті көбейту арқылы қаланың көркі артып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.
Қаскелеңде экологиялық акция өтті: 250-ден астам ағаш отырғызылды
Главная » Жаңалықтар » Көріктендіру » Қаскелеңде экологиялық акция өтті: 250-ден астам ағаш отырғызылды
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
