Қаскелең қаласында көлік жылдамдығын қадағалайтын камералар орнатылды. Олардың көбі Абылай хан, Өмірәлі, Байғазиев көшелерінің бойында кездеседі.
40 км/сағ бойынша көлік жылдамдығын бақылайтын камералар ішінде «Сергек» те бар. Бүгінгі таңда барлығы іске қосылды.
Әзірге нақты бірнеше орындарға ғана орнатылған. Олардың нүктелері төменде.
— Абылай хан көшесінің басы (SDU университетінің маңында);
— Абылай хан мен Достық көшелерінің қиылысында;
— Абылай хан мен Әлімқұлов көшелерінің қиылысында;
— Абылай хан көшесінің бойындағы «Автопарктің» қасында (Құрылыс дүкенінен өткеннен кейін);
— Абылай хан мен Сәукеле көшелерінің қиылысында;
— Абылай хан мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында;
— Наурызбай батыр көшесінің басында («Қарқара» спорт кешенінің маңында);
— Өмірәлі мен Байжарaсов көшелерінің қиылысында («Сергек» камерасы бар);
— Байғазиев пен Аймауытов көшелерінің қиылысында.
Қарасай аудандық Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта осындай камералар аудан аумағындағы барлық округтің маңайына орнатылады.
Өз тілшіміз.