
Кездесу барысында Қажымұрат Сұлтанұлы өзін дөңгелене қоршап отырған жас палуандарға еркін күрес бойынша көптеген кеңестер айтып, бұл спорт түрінің көптеген пайдалы жағын әңгімеледі. Бұдан бөлек, ол жастарға мықты спортшы атану үшін ең алдымен уақтылы тамақтанып, жаттығуларды қалт жібермей және жақсы оқу керектігін де тілге тиек етіп, жеңіске ерінбей, көп тер төккенде ғана жетуге болатынын айтты. Қызыға тыңдаған жасөспірімдер де өз кезегінде көкейіндегі сұрақтарын қойып, спорт әлемінде «Қасқыр» атанған чемпионның жеке өмірі туралы көп ақпарат алды. Ал, чемпион болса балаларды боз кілем үстіне шақырып, қарсыласты тізе бүктірер көптеген амал-қимылдарды ойларына түйердей етіп көрсетіп, үйретті.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.
[:]