Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында, аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов аудандағы «Халыққа көмек» жобасы аясында, қоғамдық қабылдау өткізді. Оған аудандық тұрғын үй-коммунал-дық ша-руашылық және тұрғын үй инс-пекциясы бөлімінің маманы Ермек Набиев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Д.Наурызбаев қатысты.
Жиын барысында Қаныбек Құлжабайұлы қабылдауға келген азаматтардың жағдайына мұқият назар аударып, түйткілдер түйінін тарқатуға тырысты. Қабылдауда болған қарасайлықтардың тарапынан қойылған сауалдардың дені ком-муналдық мәселелер төңірегінде өрбіді. Мәселен, аудан тұрғындарын көше-лердегі жарықтың қарастырылма-ғандығы, тас жолдың төселмегендігі, арықтың жоқтығы жөніндегі проблемалар алаңдатады екен. Аталған өтініштер тыңдалған соң, назарға алынғандығы жеткізілді. Олардың толықтай шешілуі үшін алдағы уақытта тағы бір жиын өткізу ұйғарылды.
Өз тілшіміз.