Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында орталық кітапхана ғимаратында шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өтті. Аудандық ардагерлер ұйымы ұйытқы болған сайыста қала және ауылдық окруктерден аталған ойындар түрлеріен ойнайтын ардагерлер мен зейнеткерлер қатысты.
Іс-шараның шымылдығын аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов ашып, жарысқа келгендерді құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ шахмет пен дойбы ойындарының ережесімен таныстырып өтті.
Турнирді шахмат федерациясының Қарасай аудандық филиалының төрешісі Пак Геннадий ақсақал қажылық етті.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде бірінші орынды Қаскелең қаласынан шахмат сайысына жолдама алған Аммандулла Абдимұратов жеңіп алды. Ал екінші орынды Ұмтыл ауылдық округінен келген Темірхан Божимов, үшінші орынды Шамалған ауылдық округінен келген Жәмел Насанов иеленді.
Дойбы ойынан жарысқа түскен Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Құралай Ауелғазина жеңіске жетті.
Жүлделі орынға ие болған ардагерлерді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Ұлтарақұлы аудан әкімдігі және аудандық ардагерлер ұйымының атынан құттықтап, аудан әкімі Жасұлан Естенов атынан «Алғыс хаттар» мен арнайы сыйлықтарды табыстады.
Сонымен бірге ауданда аталған ойын түрлерін ойнайтын ардагерлерді қатарға көптеп тартуды ұсына отырып, шахмат, дойбы тақталарын сатып алу мәселелесіне де тоқталып өтті.
Сайыс соңында жеңім-паздар естілік суретке түсті.
Қарасай аудандық ардагерлер ұйымы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
