Қарасайлықтар жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыстарын белсенді беруде. Олардың қатарында дәрігерлер әулеті болып саналатын Бажановтар отбасы да бар. Аталған әулеттен бес дәрігері бір уақытта өз учаскелеріне келіп, дауыс берді.
– «Біздің әулет –денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген отбасылардың бірі. Өзім осы салада 35 жылдан артық жұмыс істеп келемін. Менің жолымды екі ұлым да, екі келінім де жалғастырып, бүгінде Қарасай ауданының орталық ауруханасында халыққа қызмет етуде.
Жалпы біз медицина саласында істеп жүрген отбасы болғандықтан, халықтың денсаулығы мен еліміздің болашағы үшін алаңдаймыз. Сол себептен елден қалмай, азаматтық міндетімізді атқарып, референдумға отбасымызбен келіп, өз дауысымызды беруді жөн санадық. Себебі бірлікпен қабылданған шешім жарқын болашақтың кепілі деп білеміз, – деді әулеттің анасы Айгүл Бажанова.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
