Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов Қаскелең қаласындағы аудандық кітапханада орналасқан №424 учаскеде референдумға қатысты. Сонымен қатар, аудан басшысы журналистерге берген сұхбатында референдумда дауыс беруге құқығы бар Алматы облысының тұрғындарының 22 пайызы ауданда тұратынын мәлімдеді.
Жасұлан Тоққожаұлының айтуынша, бұл – ел үшін тағдыршешті оқиға, сондықтан әр азамат белсенділік пен саналылық танытуы маңызды. Сондай-ақ ол таңғы ертемен-ақ өзге қарасайлықтардың да бұл бастаманы қолдап жатқанын қуанышпен атап өтті.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
