Өткен аптада Қарасай аудандық әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Аудан әкімінің өкімімен Адис Сейдакматов Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Әкімдіктің жаңа мемлекеттік қызметшісін аудан әкімі Жасұлан Естенов аппарат жиынында аудандық әкімдіктің активіне таныстырды.
Адис Жаратбекұлы 1979 жылы дүниеге келген. 2013 жылы Алматы қаласындағы «Тұран» университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда Департаментінің сауда және қызметтер саласы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Одан кейінгі қызметтері төмендегідей:
2004 жылдың тамызы мен 2006 жылдың мамыры аралығында – Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда Департаментінің сауда және қызметтер саласы бөлімінің бас маманы;
2006-2007 жылдары – Алматы қаласы кәсіп және өнеркәсіп Департаментінің сауда бөлімінің бас маманы;
2007-2009 жылдары – Алматы қаласы кәсіп және өнеркәсіп Департаментінің сауда бөлімінің басшысы;
2009 жылдың ақпан айының соңына дейін – Алматы қаласы хаттама, нормативтік құқық актілерді тіркеу және рәсімдеу бөлімінің бас маманы-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі;
2009-2011 жылдары – «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-нің бас директоры;
2011– 2012 жылдары – «Alem Beauty company» ЖШС-нің коммерциялық директоры;
2012-2015 жылдары – Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды даму және ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары;
2015-2016 жылдары – Алматы қаласы ауыл шаруашы-лығы басқарма басшысының міндетін атқарушы;
2016 жылдың наурызы мен тамызы аралығында – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары;
2022-2023 жылдары Алматы облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.
2023 жылдың тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімінің аппараты инспекторлық бақылау және жобалық кеңсе бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Өз тілшіміз.