Қарағанды өндірістік кешенінің базасында вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының (РТИҚ) арнайы мамандар тобының қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданды. Сарапшылардың деректері бойынша ҚФК ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады. Бүгінгі таңда ҚФК халықаралық GMP стандартына сай, биотехнологиялық препараттарды өндіруге толық мамандандырылған, барлық қажетті инфрақұрылымға ие, әлемдік жетекші өндірушілердің технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жабдықталған Қазақстан Республикасындағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады.
Ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру шеңберінде ҚФК мен вакцина өндірісінің лицензиясы және ноу-хау иесі болып табылатын РТИҚ арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылған. РТИҚ-тан жеткізетін шикізаттан (фармацевтикалық субстанция) дайын вакцина шығарады. ҚФК тиесілі зертханасында және вакцина жасаушы — Мәскеудегі Гамалея атындағы Ғылыми-зерттеу институтының зертханасында сапасы бойынша екі реттік бақылауды жүзеге асырады. Қатаң бақылаудан өткеннен кейін вакцина ҚР ДСМ бірыңғай дистрибьюторына жеткізіледі. Препаратты әрі қарай алып жүру — фармакологиялық қадағалау ҚФК міндетіне кіреді: екпеден кейінгі жайларды мониторингілеу, екпе қабылдаған адамдардың өтініштері мен шағымдарын жинау мен талдау да кіреді.
Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде COVID-19 қарсы вакцина өндіру — Қазақстан халқы үшін басым мәнге ие стратегиялық маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Бұл өндіріс жоғары тиімді болып табылмайды, себебі, сату бағасы тек өндіріс шығындарын жабады. Алайда, вакцина өндірісінің басты мақсаты коммерциялық пайда көру болмағандықтан, вакцинаны ерекше жағдайларда, яғни пайданы ескерусіз шығару туралы шешім қабылданды.
Жоба мемлекетаралық келісімдердің нәтижесі болып табылады және екі мемлекет үкіметтерінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей жетекшілігінде. ҚР ДСМ мен РТИҚ арасында ресейлік вакцинаның 2 млн. мөлшерін жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, 2021 жылдың маусымына дейін вакцинаның қажетті көлемін өндіру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ҚР ДСМ мен ҚФК арасында тиісті келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қарағанды фармацевтикалық кешені жайында қосымша ақпарат.
Қарағанды өндірістік кешені – бұл жаңа фармацевтикалық технологияларға сәйкес жеке инвестициялар үшін жабдықталған қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны. Инвесторлар тарапынан алдыңғы қатарлы фармацевтикалық кешенді жабдықтауға 50 миллион доллардан астам қаржы жұмсалды. Мақсаты — қазақстандық пациенттерді емдеу үшін өмірлік маңызды дәрілік препараттар өндірісін оқшаулау, сонымен қатар, бұл үшін жетекші ресейлік ғылыми зертханалардың құзыреті тартылған.
ҚФК жыл сайын жеткізілетін дәрі-дәрмектердің тізбесін кеңейте және іс жүзінде біздің еліміздің тұрғындары үшін стратегиялық маңызды бағытта импортты алмастыру бағдарламасын жүзеге асыра отырып өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттіліктері үшін жеткізуді іске асырады. ҚФК онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және басқалары сияқты әлеуметтік маңызы бар күрделі ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттарды шығарады. Осы орайда, 2020 жылдың соңына қарай фармацевтикалық кешен соңғы бір жылдың өзінде 20-ға жуық жаңа препаратты шығаруды игеріп, 60 атаулы дәрілік құралды өндірді.