Өткен желтоқсан айының аяғында,Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаевтың ұйымдастыруымен, Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Aport Mоll» сауда орталығының ойын алаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша 50 балаға арналған жаңажылдық шырша өткізілді.
Бұл мерекеге осы аудандық ұйымға қарасты отбасылық жағдайлары төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан және кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысты.
Мерекелік жаңа жылдық шыршада мультфильм кейіпкерлері қойылым қойып, балалар жарыса тақпақ, ән айтты, би билеп, мәз-мейрам болысты. Сондай-ақ, шыршаға қатысқан балалардың әрқайсысына әртүрлі тәтті салынған сыйлық тапсырылды. Олар ойын алаңындағы түрлі карусельдерде тегін ойнап, аталған сауда орталығында орналасқан «Hawaii» және «Miami» аквапарктеріне балаларға арнап тегін билет берілді.
Кәсіподақ мүшелері аудандық кәсіподақ комитетінің қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, рахметтерін айтып тарқасты.
Өз тілшіміз.