Үкімет қаулысына сәйкес Қарасай аудандық білім бөліміне қарасты Қорғаншылық және қамқоршылық органымен бірге комиссия мүшелері жылына екі рет тексеру жүргізеді. Осы мақсатта ауданда ағымдағы жылдың 16-20 маусым аралығында, қамқорлықтағы балаларға арнайы тексеру шарасы жүргізілді. Нәтижесінде балалардың қазіргі жағдайы бақылауға алынып, тұрмыстық ортасы бағаланып, тиісті көмек көрсетілді.
Айта кетейік, Қарасай аудандық білім бөлімінің ресми дерегіне сүйенсек, ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 270 бала ресми тіркелген.
Жоғарыда аталған рейдтік бақылау аудандық білім бөлімі мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдерінің бастамасымен жүзеге асырылды. Аталған комиссия құрамында білім бөлімінің, медицина саласының мамандары, полиция қызметкерлері және отбасын қорғау ұйымының жұмысшылары болды
Бұл шара – қоғамның ең осал және аяулы топтарының бірі саналатын балаларға деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Әрбір баланың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі, психологиялық қысымға ұшырамауы, мемлекеттің ғана емес, қоғамның алдындағы жауапкершілік. Сондықтан осындай шаралар қамқорлық пен өзгеріске бастайтын қадам.
Әділет ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
