Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодкесінің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәлкілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын.
Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.
Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.