Алматы облысында 160 адам донорлық ағзаға зәру. Өкінішке қарай, науқасқа екінші өмір сыйлауға қоғамдық сана дайын емес. Бұл туралы транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Сейтказинов сала мамандарының қатысуымен өткен конференцияда мәлімдеді.
Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 4 мыңнан астам жан ағза ауыстыруға кезекте тұр. Оның ішінде 3643 ересек, 80 бала бүйрек трансплантациясына зәру. Екінші орынға бауыр трансплантациясы шыққан. 178 адам бауырын ауыстыру үшін кезегін күтуде.
Науқастардың дертін жеңуіне донорлық көмек ауадай қажет. Алайда, мәйіт доноры дамымаған. Етжақының ағзасын өзге адамға салуға
көбі қарсы.
Статистикалық деректер көрсеткендей, елімізде 100 мыңнан астам адам мәйіт донорлығына түбегейлі қарсы екен. Тек, 6 782-і ғана өзгеге екінші өмір сыйлауды қолдаған.
«Мәйіт донорлығына ми өлімі диагнозы қойылған кезде ғана рұқсат етеді. Оның өзінде марқұм ның туыстары келісім берсе ғана, мәйіт доноры деп танылады»,-дейді спикер.
Алматы облысында ахуал мәз емес. 160 адам ағза трансплантациясына мұқтаж оның ішінде 20-ы балала.
Мамандар, трансплантациялық ота жасауда ең бірінші науқас балаларға басым назар аударылатынын айтты. Мәселен, қос бүйрек болса оның бірі бүйрек трансплантациясын күтіп отырған балаларға салынады.
Алдағы уақытта, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, мамандарды даярлау, ағалық донорлық пен трансплантациялық үйлестіруді дамыту жайында баянды бастамалар қолға алынатын болады.