Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті басқа да тиісті органдармен бірлесе отыра өңіріміздің су айдындарында, әсіресе ауылдық жерлерде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін 2 мыңнан астам рейдтік шара өткізді.
Профилактикалық жұмыс барында жадынамалар , ақпараттық парақтар таратылды. Кешенді шара жюалпы саны 18 452 адамды қамтыды. Басты мақсат су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осыған орай, департамент қызметкерлерімен облыстың стационарлық бассейндерінде 2500 бала жүзуге үйретілді.
«Ағымдағы жылы қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың өлімінің саны азайды. Биылғы жылы балаларджың суға кеету жағдайы тіркелген жоқ»,-деді Алматы облысы ТЖД АҚБ басшысы подполковник Ералы Разакулов.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталған кезден Алматы облысында 14 адам құтқарылды, оның ішінде екеуі бала.
Спикердің айтуынша, балалармен болатын жазатайым оқиғалар оларды қараусыз қалдырудан орын алады.
«Жазғы уақытта біз ересектерді, ата-аналарды, балалардың судағы қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырамыз, балалармен демалуға тек шомылуға барлық жағдай жасалған, рұқсат етілген жағажайларға ғана баруға кеңес береміз»,-деді спикер.