Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп, жаңа әрі тегін цифрлық форматқа көшу жолға қойылмақ. Аталмыш процесс ағымдағы жылдың 30-шы маусымында басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткізілген баспасөз мәслихатында Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов мәлім етті.
Цифрлық хабар тарату 2021 жылы республиканың бүкіл аумағын қамтып, еліміз бойынша 270 радиотелевизиялық станса салынады. Бүгінгі таңда Алматы облысында цифрлық телевизиялық 10 арна болса, болашақта оның саны 30-ға дейін өспек.
– «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты халыққа сапалы және көп арналы хабарды жеткізу болып табылады. Алматы облысында аналогтық цифрлық телевизияға көшуге дайындық кезінде 90 РТС (радиотелевизиялық стансалары) орнатылды. Бұл РТС саны Алматы облысының 748 елді мекенін цифрлық эфирлiк телевизиямен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Қ.Раздықов.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлiк телевизияға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта телехабар таратудың жердегі хабар тарату желісін цифрлық форматқа көшіру Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында толығымен аяқталды.
Сондай-ақ, Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 4867 отбасы ұлттық сандық теледидар қызметіне қосылды. Айта кету керек, заманауи цифрлық хабар тарататын құрал құны 5000 теңгеден 3500 теңгеге дейін арзандаған.
Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді
Главная » Новости » Цифровой Казахстан » Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді