Ауданымызда алимент төлемейтін әкелер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Яғни, Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен аудандық жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жиын қазіргі ахуалға байланысты барлық санитарлық талапқа сай ашық аспан астында болды. Алимент төлемей жүрген көкек әкелермен күрес мақсатында өткізілген шараға «Хамле ЛТД», «Маолин», «Чайный центр», «Тазалық», «Almaty Tannery», «Ansar FOODS», «Kazak pak», «Rixos», «Юниан Секьюрити» сынды 10-нан артық кәсіпорындардың өкілдері өздеріндегі бос жұмыс орындарын келушілерге ұсынды: олар – қызмет көрсету саласы, күзетші, дайын өнімдерді қорапшалар мен қаптарға жинақтаушы адамдар (фасовщик), механик, электрик, жүргізуші, түрлі жұмыстарды атқаратын адам (разнорабочий). Жәрмеңкеге жұмыс іздеген 200-ден астам адам қатысты. Шарада Жамбыл және Қарасай аудандары бойынша аға жеке сот орындаушысы Қайрат Бейсенбаев сөз сөйлеп, борышкерлер ұсынған жұмыстан бас тартса немесе жұмыспен қамту орталығына келмесе, атқару құжаттың орындаудан жалтарғаң деп саналып, заңмен жазаланатын айтып өтті. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Абылай Зуайда келгендерге аталмыш орталықтың жұмысы жайында толығырақ мәлімет берді.
Жәрмеңке барысында келушілер әртүрлі кәсіпорындардың келген өкілдерінің барлығымен бетпе-бет сөйлесіп, мүмкіндіктермен танысып, жұмыс іздеушіге қоятын талап-тілектерін тыңдады. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар да алды. Шара соңында 38 азамат нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келесі жылдың ақпан айында басталатын бағдарламаларға ілінді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.