1 қазан – Қарттар күніне орай өткен аптада қариялар ой жүйріктерін жарыстырып, ала тақта үстінде шеберліктерін сынады. Қаскелең қаласындағы орталық ауруханада өткен турнирге 8 зейнеткер қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті деуге болады. Өз әдіс-тәсілдерін қолданып ойнаған қарттар оңайлықпен бір-біріне жол бере қоймады. Алайда, жарыс қызған алаңда жеңіліс те, жеңіліс те болатыны анық. Сонымен, турнир қорытындысы бойынша 1-орынға 80 жастағы Жандосов ауылының тұрғыны Кенжебек Ермекбаев лайық деп танылды. Ал, 2-ші және 3-ші орындар шахматшылардың жарысында талай рет есімдері аталып жүрген, Қаскелең қаласының тұрғындары Амандұлла Әбдімұратов пен Геннадий Пакке бұйырды. Сондай-ақ, 4-орынды Қайнар ауылының тұрғыны Виктор Әбділдаев иеленсе, бестіктің жүлдесін 85 жастағы Алмалыбақтың тұрғыны Елтай Хасенов алды.
Айтулы доданың соңында қария шахматшылар бір-бірін құттықтап, осы ойынды ұйымдастыруға демеушілік жасаған «Барон» шахматшылар тобының жас мүшелері Ерлан мен Ержанға алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.
Дидар МУХАМАДИЕВ.