Еңбекшіқазақ ауданы
Жаңа жыл кірісімен ауданымыз аумағында қарлы боран күшіне мінді. Қаңтардың үшінде басталған бұрқасын бара-бара күшейіп, өткен аптаның сейсенбі мен сәрсенбі күні көптеген көлік күре жолда қар құрсауында қалып қойды.
Осы тұста облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес Тургень-Батан-Обсерватория Асы жолдарын тазалап, туристерді құтқару жұмыстары жүргізілген. Осыған орай, Еңбекшіқазақ аудан әкімі Алтай Досымбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысына ерекше белсенділік танытқан «ДСУ-13» компаниясының машинисі Сергей Гормашовқа арнайы Алғыс хат пен 300 мың теңге ақшалай сыйлықтың сертификатын табыстады. Сонымен қоса, «ДСУ-13» компаниясының механигі Ринат Ғалиевқа да алғыс айтты.
– Табиғаттың қаталдығына қайсарлық танытып, адам өмірін құтқарған жандардың ерлігі мадақтауға лайық. Мен өз атымнан сіздерге және барлық құтқару қызметіне қатысқан қызметкерлер мен еріктілерге айырықша алғыс айтамын, – деді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Машикұлы.
Бұрым ОРЫНБАСАР.