Өткен аптада еліміз бойынша жүзеге асып жатқан игі бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында ауданымызда кең көлемде абаттандыру жұмыстары мен сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалыққа баулуға бағытталған іс-шараға аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысты. Одан бөлек игі іске аудан тұрғындарымен қатар, зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, белсенділер, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен еріктілер және бизнес өкілдері бір адамдай атсалысып, аудан көркеюне көрік қосты.
Экоакция барысында автокөлік жолдары мен көше бойларын тазартылды. Сондай-ақ қоқыстар жиналып, аудан айналасын абаттандырылып, қала мен бірқатар округтерде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ айтқанда, сенбілік аясында Қаскелең қаласының Абылай хан көшесінде 80 шырша, 70 аққайың көшеті отырғызылды. Мұнан бөлек «Шамалған – Шалқар» тас жолының бойына 50 түп терек, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылы мен осы ауылдағы Жайлы мектептің маңына, және Ұмтыл ауылдық округінде 20 түп ағаштан егілді.
Жоғарыда айтылғандардан бөлек бұл күні ауданымыздың экобелсенділері Қаскелең өзенінің жағалауын да қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, аталған жалпыұлттық акция о бастан адамдар арасында тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, мәселеге қоғам назарын аударуға бағытталғандықтан, оның аясында әр апта сайын аудан аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Алдағы уақытта да игі жұмыстар жалғасын табады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
