«Ай-Ару» балабақшасындағы биылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде өз деңгейінде жақсы аталып өтілді. Балабақшадағы «Балдәурен», «Балдырған», «Айналайын» сияқты топтар белсенді түрде атсалысып, «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілікті ойдағыдай, әрі қызықты өткізе білді. Бүлдіршіндерге ұлттық ойындар мен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «арқан тарту», «асық ату», «бесікке салу», «тұсау кесу» сияқты игі дәстүрлер дәріптеліп, олар көрініс ретінде көпшілікке ұсынылды. Көңілді ертеңгіліктің соңына таман, балалар мен ата-аналарға наурыз көже таратылып, ақ тілектерін айтылып, мерекенің маңыздылығы жайлы ойлар ортаға салынды. Өз кезегімде Наурыз мейрамының қарсаңында осындай ертеңгіліктің өтуіне атсалысқан сүйікті ұжымыма, ата-аналара және тағы басқа қолдау көрсеткен жандарға алғысымды білдіремін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Мерекенің базары тарқамасын!
А.ТӘЖІБАЕВА,
балабақша тәрбиешісі.