Қарасай ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Stop Corruption» тақырыбында жастармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара Шамалған ауылдық округінің Мәдениет үйінде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» ұстанымының маңызын түсіндіру болды. Осы бағытта қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Шара барысында аудан жастары белсенділік танытып, ашық диалог алаңында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы, кездесуге 100-ге жуық жас қатысып, адал қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды ойлар ортаға салынды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
