13 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Партия лидері, сонымен қатар, «Ақжолдың» саяси бағдарламасын таныстырып, атқарған жұмыстар жайлы баяндады.
— «Біз соңғы рет Парламентте 12-ақ депутат болдық, 107 депутаттың арасында. Дауыс берген кезде өте маңызды мәселелерде азшылықта қалсақ та, бастамаларымыз 10 жыл, кейде 7-8 жыл өткен соң да іске асып жатыр. Әлихан Бөкейханның «Тірі болсам қазақ халқына қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзі бар. Баршаңызға жеңіс тілеймін. Ақ жол»! — деді А. Тұрлыбекұлы.
Жиын барысында сөз алған партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса «Ақжолдың» өзгелерден ерекшелігін атап өтті.
— «Қасиетті Маңғыстау өлкесіне Пір Бекет бастаған 362 әулиенің еліне, Үшқияның жеріне табанымыз тиіп тұр. Қарт Каспидің жағасында ер Жалаудың ескерткішіне тағзым еттік. Ұлттық идеологияны ту етіп ұстаған партия болғандықтан, биыл сайлаудың жорығын Алтын Орданың атасы, қазақ хандарының бабасы Жошы ханнан, қасиетті Ұлытаудан бастадық. Енді мына қасиетті Маңғыстау еліне де табанымыз тиді», — дер өрбітті сөзі ол.
Одан кейін штаб мүшелері Қамқор-Машзавод кәсіпорнының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымер кездесті.
Зауыт жұмысшылары шетелге шығарылған қаржыны елге қайтару, несие пайыздарының жоғарылығы, қолжетімді баспана секілді көптеген мәселелер бойынша көкейдегі сауалдарын қойды.
Азат Перуашев жұмысшылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, партияның аталған бағыттарда атқарған қыруар жұмыстарынан нақты мысалдар келтірді.