Сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты 2022 жылы Қазақстанда наразылық шаралары басталған болатын. Жаңаөзен қаласынан бастау алған шеру бейкүнә жандардың өліміне дейін апарған ең қатал қақтығысқа айналды.
Алғашында Жаңаөзен қаласынан басталған шеру кейін Қазақстанның басқа қалаларына да таралып кете берді. Бұл халықтың Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Орал қалаларына да таралған. Бірақ ішінде ең қатал, ең қатігез қақтығыс Алматы қаласында орын алды.
Бейбіт түрде басталған наразылық шараларының соңы қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласып, артынан адам өліміне дейін жетті. Бұл шерудің негізгі мақсаты мен себебі экономикалық талап пен саяси өзгерістер болғанын айта кету керек.
Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты 5 қаңтар күні Қазақстан барлық аумағына төтенге жағдай енгізілді. Бейбіт шерудің соңы 100 млрд теңгеден астам мүліктік шығынға әкелді. 3702 қылмыстық іс қозғалып, 9900 адам тұтқынға алынды. 4353 адам жарақат алды, оның ішінде 3933 адам құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. Ең өкініштісі 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздік 230 адамның өлімімен аяқталды.
Балжан СИҚЫМБАЙ