1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Бұл айтулы күн күнтізбеміздегі айрықша мерекелердің бірі десек болады. Қазақстанды күллі әлемге танытқан ұлтын сүйген тұлға үшін жыл он екі айдың бір күнін арнау өте орынды деп білеміз. Иә, Елбасымыздың көреген көшбасшылығының арқасында еліміз талай толағай табыстарға жетіп, қиын-қыстау замандардан өтіп, тарих төрінен өз орнын тапты. Бабалардың ұлы арманы болған тәуелсіздігіміздің негізін қалап, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Жалпы айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлының халқына сіңірген еңбегі зор. Ол жайында жазылып та, айтылып та жатыр. Бірақ, Елбасымызға қатысты кейбір қызықты деректерді бірі білсе, бірі біле бермейді. Ендеше, оқырмандармен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа қатысты ақпараттармен бөліссек дейміз.
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келгенде 5 келі болыпты.
• Оның есімін әжесі Құрандағы екі атты қосып қойған екен.
• Бала Нұрсұлтан ұшқыш болуды армандаған.
• Үш жыл орыс тілінде оқыту сыныбында білім алыпты.
• Бір жылы жаз бойы көрші үйге кірпіш құйған. Мақсаты, ақысына гармонь аспабын сатып алу болыпты.
• Мектептен алған аттестатында бір пәннен 4 алыпты.
• Мектепті бітіргеннен кейін химик болуды жоспарлапты.
• Днепродзержинскіде оқып жүрген кезінде күрестен Украинаның спорт шебері атанған.
• 22 жасында бірінші рет шет елге шығып, Финляндияға барған.
• Президенттің ата-анасы Түрксібтің құрылысына қатысқан.
• Әкесі Әбіш балқар тілінде еркін сөйлеген.
• 1997 жылдан бері Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43 нөмірлі жұлдызы Елбасының атында.
• Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан.
•Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш негізі бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерін жетік білген.
• Анасы Әлжан қазіргі Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың қызы болған.
• Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м) шықты.
• Елбасы бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқан.
• Нұрсұлтан Назарбаев алғаш 5 жасында атқа мінген, 55 жасында тау шаңғысына тұрған.
• Президентіміз 1995 жылы үлкен теннисті үйреніп бастады, ал 1996 жылдан бері гольф ойнайды.
• Елбасының 12 атасы: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты.
• Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы би Назарбайдың 1880 жылдары су диірмені және оған тартылған 214 метрлік арығы болған.
• Нұрсұлтан Назарбаев атында Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда көшелер аталған.
• Елбасы саяси мемуарлар оқуды ұнатады. Ш.Голль, М.Ататүрік, У.Черчилль өмірлерін түп-тұқиянына дейін зерттеген.
• Тек 1991 мен 2006 жылдар аралығында Президенттің өз атымен 12 кітабы жарыққа шыққан.
• 1981 жылы Дінмұхаммед Қонаев өзінің мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаевты «өзімнің балам» деп таныстырған.
* Жоғарыда аталған деректердің барлығы massaget.kz және stan.kz сайттарынан алынды.
Дайындаған Дидар МӘЛІКҰЛЫ.