Жуырда аудандық полиция басқармасының акт залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аудандық пробация және Жергілікті полиция қызметтерінің соңғы 10 ай ішінде бірлесіп атқарған жұмыс нәтижелері сараланды.
Аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Г.Каримов, пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Н. Мұхаммедиев және пробация мен жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы қатысқан жиын барысында атқарылған жұмыстар сараланды.
Нақтырақ айтқанда, басқосуда аталмыш органдардың есепте тұрған сотталғандардың болашақта сол қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында соңғы 10 айда бірлесе өткізген шаралары баяндалып, кеңінен талқыланды. Мұнан бөлек, басқосуда ҚР «Пробация» туралы Заңы және ҚР ІІМ 2014 жылдың тамыз айында шыққан бұйрығы жеке құраммен талқыланып, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, жұмысты жетілдіру мақсатында алдағы уақытта да атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.