Аптаның алғашы күні аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратының алаңында карантиндік іс-шараларға қатысқан әскери міндеттілерге құрмет көрсетіліп, естелік медальдар табысталды.
Арнайы әскери міндеттілер ротасы Төтенше жағдай кезінде ерекше еңбегімен көзге түсті. Олар карантин кезінде аудандық полиция қызметкерлерімен бірігіп аумақтардағы тәртіптік жұмыстарды нығайтуға атсалысты. Сондай-ақ, блок-бекеттерде кезекшілік жұмыстарды жүргізді. Бір сөзбен айтқанда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ерікті түрде әскер сапына қосылған ауданымыздың 78 азаматы Отан алдындағы борышын адал атқарды.
Осы ретте аптаның алғашқы күні аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде төтенше жағдай кезінде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсене атсалысқан, сарбаздар ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Ермекбаевтың атынан арнайы естелік медальдармен марапатталды. Елінің алдындағы борышын үлкен жауапкершілікпен атқарған 51 әскери міндеттілерге медальдарды ауданымыздағы әскери міндеттілер жиынының командирі, полковник Зоидбой Шоибов табыстап, карантиндік іс-шараларға қатысушыларға тыңғылықты жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірді.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.