Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Жетісу – адалдық алаңы» медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды жеткізу мониторингін жалғастыруда. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд. теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындалуға 8,1 млрд. теңге бөлінді.
Облыстың медициналық мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры және дәрілік заттардың екі айлық қоры бар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағанындай, өңірдің медициналық мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, оның ішінде 6,2 млн. медициналық маска, 2,5 млн.. жұп қолғап, 74,6 мың бір реттік қорғаныш костюмдерінің жиынтығы, сондай-ақ ,дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Атап айтқанда, стационарларда 1,4 млрд. теңгеге 204 дәрі атауы, амбулаторияларда — 101 млн. теңгеге 5 атау бар.
Сондай-ақ, «СК Фармация» арқылы дәріханаларға 63 млн. теңге сомасына дәрі-дәрмектердің 33 атауына өтінім қалыптастырылды, 1 млн. қорғаныш маскаларын жеткізу жүзеге асырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 92 млн. теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды.
Мониторингтік топтар облыс дәріханаларындағы бағаларды негізсіз көтеру мәніне бақылауды жалғастыруда.
Сонымен қатар, біздің облысқа достас елдерден гуманитарлық көмек келіп түсуде. Ағымдағы аптада Сингапурдан 20 өкпені жасанды желдету аппараты келеді деп күтілуде.
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы бағыттағы мониторингті жалғастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы.