Осы аптаның сейсенбісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті.
Екі жақты кездесу барысындағы негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды.
– Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады, – деп атап өтті агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев.
Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп, былай деді: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәйкес негізгі басымдықтар байқалады. Агенттіктің институттардың тиімділігі мен есептілігін арттыруға, квазимемлекеттік сектордағы жауапкершілікті күшейтуге, сонымен қоса азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысуына қосқан үлесіне баса назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ұзақ мерзімді серіктесті нығайтуға ниет білдіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұсында төзімділік танытып, жұмыс қарқынын бәсеңдетпегені аталып өтті.
Спикер істі анықтау саласындағы цифрландыру мен Агенттік пысықтаған заңнамалық реформаларды жүзеге асыру мәселелерін өзара іс-қимылдың негізгі бағыты ретінде белгіледі.
Қазіргі таңда, БҰҰДБ қолдауымен «Transparency International» қоғамдық қорымен бірлесіп жемқорлықты қабылдауды бағалау бойынша мониторингтік әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Оның нәтижелері биылғы жылдың соңында жарияланады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.