Аудан орталығындағы «Достар Мед» клиникалық желісі елімізге белгілі денсаулық сақтау мекемесінің бірі. Оның Қаскелең қаласындағы «Алат-С» деп аталатын филиалына 2016 жылдан бері «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағының иегері Фарида Закирқызы Өтегенова жемісті жетекшілік етеді.
Мұнда өз ісін тиянақты әрі жауапкер-шілікпен атқарып, емделуші-лердің алғысын алып жүрген дәрігерлер аз емес. Солардың бірі – Мөлдір Жайылханова.
2014 жылы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетін бітірген жас маман алдымен Шамалғанда жұмыс істеп, біраз тәжірибе жинақтады. Қазір Қаскелең қаласындағы осы филиал бойынша №3 учаскенің дәрігері болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, күндізгі стационардың дәрігері. Реабилитациялық дәрігер ретінде де еңбегі бар.
Ол пайдалы терапиялық ем-домымен қатар, алдына келгендерді әрдайым жылы жүзбен қарсы алып, жақсы сөйлесуімен де көпшілікке ұнайды.
Біз Бақыт есімді ерімен бірге Нұрлыбатыр атты баласын аялап өсіріп отырған Мөлдір Базарбайқызына «Төл мерекеңіз – Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!» деген тілегімізді айтамыз.
Берікбай ҚАДЫҚОВ.