Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының «Қарасай аудандық филиалы Жетісу өңіріне қарасты аудандардың арасынан «Үздік мекеме» номинациясын иеленді.
Аталған марапатқа «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін лайық деп танылған. Біздің ауданда бұл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» 2016 жылы ашылыпты. Бұл мекеме сол уақыттан бері аймақтағы ересек тұрғындарға тілдерді меңгерту бағытында жұмыс істеп келеді. Нақтырақ айтқанда, ағылшын тілін және өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілін оқытады. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларын жоспарға сәйкес орындап, түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер де тұрақты ұйымдастырылады. Міне, сол елеулі еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Атқарған жұмыстарының жетістігі ретінде облыстағы белсенділердің алдынан көрінді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.