Қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның экономикасын жақсарту үшін көп жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі төрағалық еткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында атап көрсетті.
Иә, коронавирус пандемиясы, тіпті, дүниежүзі бойынша экономикалық дағдарысқа апаруы әбден мүмкін екен.
– Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанынын айтқым келеді, – деді Президент комиссия отырысында. – Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз.
Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлы таяу уақытта ең өзекті деген жеті мәселені шешу жолдарына назар аудартып, соған байланысты нақты тапсырмаларын берді. Оның біріншісі – Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамту деңгейін арттыру.
Президент бұл ретте республика экономикасын өрге бастыру бойынша алдымен атқарылуы керек істерді жіпке тізгендей етіп, айқындап, анықтап берді.
Тағы бір қуанышты жай – Қасым-Жомарт Кемелұлы егемен елімізде «5-10-20» жаңа тұрғын үй жобасы жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Бұл да баспанасыз жүрген көптеген адамның көңілінде ризашылық сезімін тудырды деуіміз керек.
Жеңіс НОҒАЙБАЕВ,
аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.