Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты еліміз бойынша түрлі шаралар өз деңгейінде атқарылып келеді. Осындай игі бастаманың аясында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы да қалыс қалмай, 11-12 ақпан аралығында ақынның мерейтой құрметіне орай әртүрлі этнос жастары өкілдері арасында «Ортақ Абай» атты облыстық көркемсөз оқу байқауын ұйымдастырды.
Әдеби іс-шараға біздің аудан бойынша көптеген оқушылар қатысып, өз белсенділіктерін танытқан болатын. Соның ішінде Ушинский орта мектебінің оқушысы Дарья Гаврилюк өзгелерден дараланып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, өнерлі білімгердің жетекшісі Үміт Исабекованың да еңбегі бағаланып, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Өз тілшіміз.